"Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы биылғы жылдың соңында дейін жекешелендіріледі. Бұл туралы Atameken Business арнасына берген экслюзивті сұхбатында қаржы министрлігінің сарапшысы Нұрсұлтан Иманғали айтты.
Оның сөзінше желтоқсан айында өтетін саудада Қорғастың 74% акциясы жеке қолға өтіп, қалған 26% мемлекет меншігінде қалмақ.
"Егер аукцион желтоқсан айында өткізілсе, онда заңнама бойынша келісімді толтыру үшін 10 күн уақыт болады. Осы аралықта құжаттарды реттеп, компанияны тіркеу жұмыстары жүргізіледі. Егер бәрі ойдағыдай аяқталса, шамамен қаңтар айының басында жекеге өтеді", - дейді ҚР ҚМ мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің сарапшысы Нұрсұлтан Иманғали.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу