"Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА нысандарының құрылысы аяқталды

1210

"Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА нысандарының құрылысы аяқталды

20 қазанда "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президенті Қанат Алпысбаев "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында Компания құрылысын жүргізіп жатқан "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА нысандарында болды.
Қазіргі таңда  "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА индустриялық және логистикалық аймағында "Құрғақ порттың", логистикалық және индустриялық аймақтың нысандары пайдалануға берілді. "Құрғақ порт" пайдалануға берілгелі 43 мың ЖФЭ контейнері өңделді.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Шығыс қақпасы" АЭА" БК" АҚ логистика жөніндегі бас директордың орынбасары Б. Үдербековтің айтуынша, "Еркін экономикалық аймақта қазіргі таңда отандық және шетелдік қатысушылармен белсенді түрде келісімдер жасалуда. Жыл аяғына дейін агроөнеркәсіп, индустриялық, көліктік-логистикалық сектордағы төрт нысан жүзеге асырылады.
Сондай-ақ Қорғас шекаралық өзеніндегі тасқынның алдын алу шаралары мен инфрақұрылым нысандарын селден қорғаудың қауіпсіздік шаралары мен бөгеттер құрылысы да қаралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу