"Қорғаста" халықаралық санаториялық-сауықтыру орталығы салынады

706

"Қорғаста" халықаралық санаториялық-сауықтыру орталығы салынады

"Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында биыл қазақстандық-қытайлық санаториялық-сауықтыру орталығының құрылысы басталады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Агенттіктің деректеріне сәйкес орталық Қытай және оған жақын орналасқан елдердің тұрғындарына қызмет ететін болады. Жоспарлы бала туу  және денсаулық сақтау  істері комитетінің басшысы Тань Дахайдың айтуынша, санаториялық-сауықтыру орталығы "Қорғас" ХШЫО қытайлық бөлігінде салынады және оған 5: қытай, қазақ, ұйғыр, моңғол, тибет медицинасының мамандандырылған емдеу корпустары енгізіледі. Орталық міндеттерінің тізбесіне медициналық зерттеу, салауатты өмір салтын қолдау, денсаулық жағдайын тексеру, сауықтыру қызметтерін көрсету кіреді. 60 шаршы метр алаң 330 орынмен жабдықталады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу