Қостанайда ерекше кәдесый сатыла бастады, деп хабарлайды Интерфакс.
Консерві банкісіне ұқсас қалбырдың сыртында "Қостанай ауасы" деп жазылған. Құрамы: Тобыл өзені жағалауының ауасы - 35% және осынша ауа қалалық мәдениет және демалыс саябағының гүлзарынан, 30% ауа "Сосновый бор"шипажайынан алынған, деп жазылған.
Бұл кәдесыйдың бағасы 800 теңге тұрады, жарамдылық мерзімі – 100 жыл. Бұл заттар кәдесый дүкендерінде сатылуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу