"KTZ Express" АҚ пен Қытайдың "Jumore" компаниясы smart-логистиканы дамытуға уағдаласты

874

"KTZ Express" АҚ пен Қытайдың "Jumore" компаниясы smart-логистиканы дамытуға уағдаласты

ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның еншілес компаниясы  – "KTZ Express" АҚ-ы пен қытайлық "Jumore" компаниясы электрондық "B2B" сауда алаңы аясында серіктестік келісіміне қол қойды. Электрондық сауда алаңы бір платформада өндірісшілер, қызмет көрсетушілер, логистикалық компаниялар мен сатып алушыларды ықпалдастырып, орналастыра алады, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Jumore компаниясынан бизнес ортаның өкілдері өнім шығарудың өн бойындағы барлық үдерістерді:  шиказаттан бастап, дайын өнімге дейінгі сонымен қатар қаржының, жүктердің және  тауарлардың сапасы  сақталуын қамтамасыз ету қызметтерін тұтына алады.

 "Ірі кен өндіретін, ауылшаруашылық, энергетикалық кәсіпорындар мен Қазақстанның тауар өндіруші кәсіпорындары Jumore платформасына орналасу арқылы, әлемнің кез-келген түкпірінен тұрақты сатып алушыны табады. Соған орай "KTZ Express" сатып алушыға өнімді барлық сақталу кепілдігімен  жедел жеткізіп береді. Сондай-ақ, қазақстандық сатып алушылар платформада орналасқан шетелдік компаниялардың кез келген өнімін тез табады",-дейді Jumore компаниясының төрағасы  Лу Хунсян.

 Қол қойылған Келісімге сәйкес, тараптар smart-логистиканы әрі қарай дамытады. Қазақстандық өнім өндірушілердің қос тараптардың инфрақұрылымдарын бірлесе пайдалануына, жаңа тапсырыс берушілерді тауып Қазақстан аумағы  арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Еуропа, ТМД, Орталық Азия өңіріне және кері қарай жаңа жүк ағындарын және транзиттік бағдарларды кедергісіз ашуына мүдделі болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу