"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да темір жол көлігіне инновация енгізу жайы қаралды

1625

"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да темір жол көлігіне инновация енгізу жайы қаралды

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-да Теміржолшылардың халықаралық одағы (ТЖХО) өкілдерінің техникалық үдерісті жеделдету мәселесіне арналған жиыны өтті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Компанияда Инновациялық технологиялық даму стратегиясы жасалған. Бағдарлама бойынша тиімділікті көтеру, қуатты үнемдеу, теміржол көлігі машинасын жасауды дамыту бағыттары табысты жүзеге асырылуда.
Пойыздың қауіпсіз қозғалысын, тасымалдауды тиімді ұйымдастыру, өндірістік активтердің қызмет көрсетуіне және күрделі жөндеуден өткізілуіне мониторингілік қадағалау жасау, көліктік-логистикалық саладағы жоғары технологиялық көрсеткіштерді өсіру көзделеді.
Жиынға қатысқан "ҚТЖ" ҰК" АҚ бас инженері Бауыржан Орынбасаровтың айтуынша, "ҚТЖ" ҰК" АҚ жетекші теміржол компаниялары мен ғылыми-зерттеу институттарының түрлі техникалық және технологиялық тәжірибе алмасуына мүделілік танытады.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ мен ТЖХО арасында жалпы темір жол стандарттарын жасау маңызды болып табылады.
"Бұл мәселелер Қазақстанның халықаралық көліктік коммуникациялық ағынға ықпалдасуына, Еуразиялық мультимодальдық трансқұрлықтық көлік дәлізін жасақтауда маңызды болып отыр", – деп атап өтті Бауыржан Орынбасаров.
Кездесу барысында Компанияның шекаралық станцияларда доңғалақ жұптарын алмастырмай-ақ (1520мм) кең табанды жолдан (1435) тар табанды жолға түсуін доңғалақ жұбының арасын алшақтатып, жақындатып жасау да көпшіліктің қызығушылығын туғызды. ҚТЖ филиалының жолды диагностикалық қадағалау мен желінің байланысын бақылайтын арнайы құрылғыны локомотивке орнату ұсынысы да қолдауға тұрарлық. Міне, мұндай ұсыныстар мен тың жобаларды биылғы жылы 2-ақпанда Парижде өткізілетін ТЖХО штаб пәтеріндегі веб-конференцияда қарауға ұйғарым жасалды.
Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның ТЖХО ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуы жайы мен теміржолдың жалпы стандарттарын қарады. ТЖХО тарапынан теміржол көлігіндегі қуатты үнемді пайдалану, экстремальды жағдайда техникалық және пайдалану саласындағы тың ұсыныстарды қарастырды.
Мұнан басқа, ТЖХО өкілдері Астанадағы "ҚТЖ" ҰК" АҚ жаңа үлгідегі оқу –тренингілік орталығында болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу