"ҚТЖ" ҰК" АҚ компаниялар тобының активтері қайталап саудаға қойылады

1283

"ҚТЖ" ҰК" АҚ компаниялар тобының активтері қайталап саудаға қойылады

19 қазанда "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ компаниялары тобының жеті активі электрондық аукционға шығарылды.

Алғашқы электрондық аукционға "Бас Балқаш 2004" ЖШС, "МАК-Екібастұз" ЖШС, "Көлік қызметі орталығы" АҚ, "Рауан Бурабай" ЖШС, "Магистраль –Қызметі" ЖШС, "ҚазЭлектроПривод" БК" ЖШС, "Аймақтық форвард логистикасы" ЖШО шығарылды.

Электрондық сауда қорытындысы бойынша "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның активтерді жүзеге асыру комиссиясы оны екінші электрондық аукционға шығаруды жоспарлап отыр.

Екінші мәрте аукционға шығарылғанда активтердің бағасы ең төменгі шамасына, белгіленген бастапқы бағаның 50 пайызына дейін түсіріледі.

Активтерді бәсекелес ортаға шығару "Самұрық-Қазына" АҚ активтерін қайта құрылымдаудың Бірыңғай ережесі негізінде жүзеге асырылуда.

Электронды аукцион үш мәрте өткізіледі. Әрбір аукцион жиырма жұмыс күнінен соң қайталанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу