"Құрметті журналист" атағына алты адам лайықты деп танылды

1313

 "Құрметті журналист" атағына алты адам лайықты деп танылды

Алты адамға "Құрметті журналист" атағы берілді. Бұл туралы Қазақстан журналистер одағынан хабарланды, деп жазады КазТаг.
Хабарда айтылғандай, авторлық бағдарламалары "Қазақ радиосының" алтын қорына енген, Қазақ радиосы мен теледидарында 35 жыл бойы жұмыс істеген радиожурналист Ғалым Есенсариевке құрметті атақ берілді. Сондай-ақ, "Алматы ақшамы" газетінің бөлім меңгерушісі Ермек Зангиров "Құрметті журналист" атанды. Дәл осындай атақ Қызылорда облысындағы "Заң" және "Қазақстан Zaman" газетінің меншікті тілшісі, журналистика саласындағы республикалық көптеген марапаттардың иегері Бейбітбек Бүркітбайұлына берілді. Павлодар облыстық "Қызыл Ту" газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары болып 40 жылдам астам уақыт жұмыс істеген - Бахыт Баймұратовқа, Маңғыстау облыстық газетінің бас редакторы, 10 кітаптың авторы,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Дүйсембі  Әріпұлына, фототілші, Халықаралық FIAR фотосурет өнері федерациясының және ISF Еуропалық фотосурет қоғамының мүшесі Мэлс Елеусинге "Құрметті журналист" атағы берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу