"Күш атасы Қажымұқан" анимациялық фильмі балаларға жол тартты

2356

"Күш атасы Қажымұқан" анимациялық фильмі балаларға жол тартты

Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Сақ" кинокомпаниясы "Күш атасы Қажымұқан" анимациялық фильмін жасап, көрерменге ұсынды, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл – шығармашылық ұжымның жоспарлаған төрт жобасының алғашқысы. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша ұлы дала елін ұлықтайтын тағы екі мультфильм мен "Көне жетіген сыры" деген 13 сериялы кинофильм түсіріліп жатыр. Барлығы да жаңа жылдан соң кинотеатрларда көрсетіле бастайды.

Кинокомпанияның төрт жобасына да қаржы облыстық бюджеттен бөлініпті. Ал "Киелі Қазығұрт" анимациялық фильмі "Басында Қазығұрттың кеме қалған, ол әулие болмаса неге қалған" деген әпсананың төңірегінде өріледі. Адамзаттың осы Қазығұрттан тарайтынын айтады. Ол 3G үлгісінде жасалып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу