"Күш атасы - Қажымұқан" анимациялық фильмінің тұсауы кесілді

1210

"Күш атасы - Қажымұқан" анимациялық фильмінің тұсауы кесілді

Елордадағы Оңтүстік Қазақстан облысы күндерінің екінші күнінде Астана қалалық "Оқушылар сарайында" "Күш атасы - Қажымұқан" анимациялық фильмінің тұсауы кесілді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

"ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында тұсауы кесілген шығарма туған елге деген сүйіспеншілікті арттыру, өңірдің әсем табиғаты мен киелі жерлерін және тарихи ұлы тұлғалардың өмірін насихаттау бағытында түсірілген. Фильмнің мақсаты – өскелең ұрпаққа қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан, күш атасы Қажымұқанды насихаттау арқылы салауатты өмір салтын ұстануға, қазақша күреске, спортқа деген қызығушылықтарын арттыруға, өз Отанын қорғау мен адал қызмет етуге, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін оятуға шақырады. Бұл анимациялық фильмнің балаларға беретін тәлім-тәрбиесі де мол.

Тәрбиелік, танымдық мағынасы мол түсірілім Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласында көрсетілген "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырысы негізінде қолға алынды. 

2D форматындағы туындыны Шымкенттегі "САҚ" киностудиясы түсірген. Көрсетілім режиссері Батырхан Дәуренбеков болса, сценарий авторы және продюсері Бақытжан Құлжабаев. Ал анимациялық фильмнің бас операторы Фурхат Саипов, композиторы Руслан Шынықұлов.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу