"Қытайда жасалған-2025" бағдарламасына Қытайдың Бас банкі 300 млрд юань бөлді

1598

"Қытайда жасалған-2025" бағдарламасына Қытайдың Бас банкі 300 млрд юань бөлді

Қытайдың Мемлекеттік даму банкі  "Қытай өңдеуші өнеркәсібі-2025" ұлттық бағдарламасын жүзеге асыруға  300 млрд юань (44 млн доллар көлемінде) көлемінде қаржы бөлуге дайын, деп жазады "Синьхуа" АА.

"Бұл қаражат, бір жағынан экономиканың дәстүрлі секторына, оның ішінде  өнеркәсіптік инновациялар мен қайта құрылымдауға, артық өндірістік қуаттылықтарға байланысты туындаған мәселелерді шешуді жылдамдатуға, сондай-ақ өндіріс қуаттары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ынталандыруға және "Белдеу мен жол" стратегиясы аясында трансұлттық жұтылуларды іске асыруға бағытталады. Екінші жағынан, жаңадан пайда болып жатқан салаларды дамытуға, оның ішінде  ақпараттық технологиялардың жаңа буыны, биология, жоғарытехнологиялық машина жасау, жаңа материалдар, экологиялық таза салалар мен цифрлы технологиялар қолданылған креативтік индустрияға пайдаланылатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу