"Қызылорда-Ташкент" бағытында автобус қатынайды

1391

"Қызылорда-Ташкент" бағытында автобус қатынайды

Алдағы 3 ай ішінде жолаушылар Қызылорда қаласынан Ташкентке автобуспен қатынай алады. Бұл облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Ержан Әбдіхалықов баяндады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

"Бүгінде Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі көлік комитетімен аталған бағыттағы маршрутты таяу уақытта ашу көзделіп отыр. Ұйымдастыру мәселелерін шешуге шамамен 3 ай уақыт қажет, одан кейін жаңа рейс жолаушыларға қызмет көрсете бастайды", - дейді Ержан Әбдіхалықов.

Одан бөлек, басқарма басшысының айтуынша, өткен жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 9,73 млрд теңге бөлініп, 215,9 км жолдар жөндеуден өткізілген. Ал, биыл бұл бағыттағы инфрақұрылымды дамытуға барлығы 15,0 млрд. теңге бөлініп, 360 км жолдар желісі жөндеуден өтеді деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу