Петропавлдағы "Қарасай" стадионында өткен бiрiншi лиганың соңғы ойынында алаңға "Қызылжар" мен "Екiбастұз" клубы шықты. Солтүстiкқазақстандық клуб 44 ұпай жинап, бiрiншi лиганың күмiс медалiн жеңiп алды, деп хабарлайды sko.gov.kz.
Ойыннан соң "Қызылжар" футболшыларын күмiс медальмен марапаттау рәсiмi өттi. Бұл шараға арнайы Қазақстан кәсiптiк футбол лигасының президентi Азамат Айтқожин келдi.
Ойынды облыс әкiмi Құмар Ақсақалов та тамашалады. Жанкүйерлердiң жергiлiктi клуб келесi жылы премьер-лигада ойнай ма деген сауалына өңiр басшысы: "Ең басты сұрақ: бiз премьер-лигаға барамыз ба? Әрине, қаржы мәселесi бар. Дегенмен, бiз премьер-лигада ойнауға бел буып отырмыз. Бұл сәттi жанкүйерлер 9 жыл күттi. Бүкiл облыс күттi. Бiздiң клуб елiмiздiң үздiк командаларымен ойнауға лайық", — деп жауап берді.
Айта кеткен жөн, келесi жылы жергiлiктi клуб 50 жылдық мерейтойын атап өтедi.