"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС электр энергиясы үшін төлем қағазына тағы бір баған қосқан, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мекеме басшысының кеңесшісі Қолғанат Нұржаубайұлының айтуынша, қосымша төлем төлетуге шілде айында электр энергиясы екі еседей көп шығындалуы себеп болған. Бірақ тамыз айында артық сома қайтарылады екен. Алайда ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің МО бойынша департаменті кәсіпорынның бұл әрекетін жан-жақты тексеру қажет деп тауып, тергеу жұмыстарына кірісті.
"Қазіргі таңда департамент тарапынан өзінің монополиялық жағдайын теріс пайдалану белгілерінің байқалуына байланысты серіктестікке қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мерзімі 3 айды қамтиды, қажет болған жағдайда 2 айға ұзартылады. Сондай-ақ серіктестік мекен-жайына электр энергиясын орта тәуліктік норма бойынша есептеуді тергеу амалдары аяқталғанға дейін тоқтата тұру туралы хат жіберілді", — дейді департаменттен.
Яғни серіктестік тергеу кезеңінде электр энергиясына қосымша төлем көрсетілген баған уақытша алынып тастаулуға тиіс.