"Маревен Фуд" компаниясы Алматы облысында зауыт салып жатыр

1244

"Маревен Фуд" компаниясы Алматы облысында зауыт салып жатыр

"Маревен Фуд" компаниясы Алматы облысында Қапшағай қаласында дайындалған таған өнімдері мен шала өнімдерді өндіретін зауыт салып іске қосуға шамамен 50 млн АҚШ долларын жұмсайтын болады. Осы жобаны іске асыру өңірде жаңа 600-ге дейін жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

"Маревен Фуд" тағам өнімдерін өндіру мен сатумен айналысатын халықаралық FMCG (Fast Moving Consumer Goods – күнделікті сұранысқа ие тауарлар) компания болып табылады. Компанияның сауда маркасының портфелі "Роллтон" және "BIGBON" сияқты белгілі брендтерді, сондай-ақ "Mareven Food Professional" кәсіби аспаздық брендті қамтиды. Барлық өнім ISO 9001:2008 сапа менеджментінің жоғары стандарттарына сәйкеседі. Компания әлемнің басқа елдерінде де инвестициялық жобаларды іске асыруда жемісті тәжірибеге ие.

Инвесторлар атап отырғандай, жаңа зауыт жергілікті өнджірушіден ауқымды тағамдық өнімдер түржиынын ұсынатын болады, бұл Қазақстанның ішкі рыногын өніммен қамтамасыз етеді және Өзбекстан, қырғызстан, тәжікстан, қытай, сондай-ақ Моңғолия мен Еуразиялық өнір елдеріне экспортқа шығаруға мүмкіндік береді.

"Өндірістік процесте шикізаттың негізгі үлесі басым түрде қазақстандық жеткізушілерден сатып алынатын болады. Біздер тәклігіне 90 тоннаға дейін өнім шығаруды жоспарлап отырмыз. 2018 жыл бойына осындай өндірістік күшке шығуды жоспарлап отырмыз", – деп атап кетті "Маревен Фуд" компания өкілі.

Заңыт құрылысы "Арна" индустриалдық өнеркәсіптік алаң аумағында жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда барлық инженерлік-коммуникациялық желілер жеткізілген, басты қойма мен өндірістік нысандарды салу жұмыстары аяқталып жатыр.

Ертеректе 2017 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті мен Mareven Food Holdings Limited (Кипр) ірі трансұлттық компанияның қазақстандық жобасы болып табылатын "Маревен Фуд Тянь-Шань" арасында инвестконтрактқа қол қойылды.

"Kazakh Invest" Алматы облысы әкімдігімен бірлесіп "Маревен Фуд" қолдау көрсетіп отыр. Зауыт ағымдағы жылы іске қосылатын болады. Ұлттық компания жеңілдіктер мен преференциялар алу мәселесінде жобаға көмектесетін болады", – деп атап кетті Алматы облысы бойынша "Kazakh Invest" өңірлік директоры Марк Бейдали атап кетті.

"Kazakh Invest" тарапынан, инвесторға шығарылатын өнімге рұқсат беру құжаттарын ресімдеуде, автомобиль жолдары және теміржол инфрақұрылымдарын жеткізуде, газбен жарақтауға қосылуға техникалық шарттар алуда қолдау, компанияның шетел жұмыскерлерін визалық қолдау, сондай-ақ инвестициялық преференцияларды алуға инвестициялық келісімшарт бекітуде сүйемелдеу жағынан қолдау (технологиялық жабдық және оның құрауыштарын импорт алу кезінде кедендік баж салығын салудан босаты, сондай-ақ есептелген ұжымдық табыс салығының сомасын, жер салығы және мүлік салығын азайту) көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу