"Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу" бағытына алғашқы рейс орындалды

543

"Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу" бағытына алғашқы рейс орындалды

Дүйсенбінің таңында Қорқыт ата әуежайына "Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу" бағытына қатынайтын Airbus A 320 әуе кемесі сәтті қонды. Ресейлік "Аэрофлот" әуе компаниясының ұшағы алғашқы рейсте 139 жолаушыны Сырға жеткізді, деп хабарлайды syrboyi.kz.

Жаңа әуе бағыты бойынша ұшақтар аптасына 4 рет қатынайды. Бұл Ресейде оқып жатқан студенттер үшін ыңғайлы болды.

Алғашқы халықаралық әуе тасымалына дайындық мамыр айында  басталған. Қорқыт ата әуежайының ұшқыш, стюард және басқа да техникалық қызметкерлері Мәскеуден келген "Авиациялық аэрофлот мектебінің" мамандары әзірлеген оқу-сынақтан  өткен. Сондай-ақ, Мәскеуге қатынайтын Airbus А 320 және 321, Boeing 737 әуе кемелерінің техникалық даярлығы да толық тексерілген.

Бұл жолғы жолаушылардың дені жұлдызды қалашық – Байқоңырды бетке алды. Байқоңырдан әуежайға арнайы қатынайтын жайлы автобустар желісі іске қосылған.

Билет құны сатып алған уақытына қарай, бизнес класстың төменгі құны – 167 мың теңге болса, эконом-класс 26 мың теңгеден басталады. Кесте бойынша ұшақ жергілікті уақытпен 06:10-да қонады, ал 07 сағат 20 минут өткенде қайта ұшып кетеді.

Қорқыт ата әуе жайынан алдағы уақытта Мәскеумен қатар Түркия, Қырғыз елінің астанасына да тікелей қатынайтын әуе бағыттары ашылмақ. Бүгінде аталған елдердің әуе компанияларымен келіссөз жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу