Әлеуметтік жоба жұмысы барысында медициналық пойыздар бригадасы 67мыңнан астам диагностикалық емшара, 3 мың кіші хирургиялық операция жүргізді. Бұл туралы жоба қорытындысы бойынша өткен баспасөз маслихаты кезінде Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Дияс Әзбергенов мәлімдеді.
"Жұмыс барысында дәрігерлер қырық бір мыңнан астам (41 360) адамды тексерді", – деп атап өтті Дияс Азбергенов.
Сонымен қатар, "Денсаулық" пойызы медициналық бригадасының бас дәрігері Арзықұл Кенжеевтің айтуынша, тексеру барысында туберкулез, жіті жүрек-қан тамырлары аурулары және қатерсіз ісік жағдайлары анықталған. Медициналық бригадалардың құрамында терапевттер, тіс дәрігерлері, окулистер, маммологтар және басқа да мамандар бар. Жоба жұмысы барысында кезекпен 10 медициналық бригада іске қосылды.
Дәрігерлер өңірлерде ең көп таралған аурулар ішінен ең жиі кездескен бесеуін атады. Оларға артериялық гипертония, ишемиялық ауру, қант диабеті, созылмалы бронхит және эндемиялық жемсау жатады.
Естеріңізге сала кетейік, "Медициналық пойыздар" жобасын Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР денсаулық сақтау министрлігімен, сондай-ақ "Қазақстан темір жолы" жанындағы "Әлеуметтік жобалар қорымен" бірлесе 2010 жылдан бастап жүзеге асырды. Оның жұмысына еліміздің 9 аймағы – Алматы, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтитын "Денсаулық" және "Саламатты Қазақстан" екі денсаулық пойызы тартылды.