Акция шеңберінде балалар тиісті мектеп құралдарымен, киім-кешектермен (мектеп формасы, спорт киімдері, аяқ киімдер және т.б.) қамтамасыз етілді.
"Мектепке жол" республикалық акциясы осымен 9 жыл қатарынан өткізіліп келеді, мұнда аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар жаңа оқу жылына дайындық кезінде қайтарымсыз көмекке ие болады.
Акция өткізілген тоғыз жыл ішінде 2 млн 345 мың 812 бала жалпы сомасы 15 млрд 79 млн 842 мың теңге көлемінде материалдық көмек алды.
primeminister.kz
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу