"Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы өтеді

5187

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету.

"Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы өтеді

"Мектепке жол" дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы өтеді, деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі.

Министрліктің әлеуметтік бағыттағы бастамасы бүкіл республика бойынша 2018 жылғы 1 тамызбен 30 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармай қалуын болдырмау.

Акция барысында мектепке бармайтын балаларды анықтауға, сонымен қатар мектепке дайындау бойынша әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан балаларға көмек көрсетуге басты назар аударылады.

Акцияны өткізудің он жылы ішінде 2 млн-нан астам балаға жалпы сомасы 17 млрд теңгеден астам материалдық көмек көрсетілді. Демеушілер мен меценаттар жалпы сомасы 7,9 млрд теңгеден астам көмек пен қолдау көрсетті. Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және акционерлік қоғамдар жыл сайын акцияға белсенді қатысады.

ҚР білім және ғылым министрлігі еліміздің барлық азаматтарына, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылуға және өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға, отбасыларға көмек көрсетуде, сондай-ақ  мектепке өз жолын табуға қол ұшын беруде үлестерін қосуға шақырады.

Акцияға ат салысқысы келгендер 8 (7172) 74 21 40 нөміріне, сондай-ақ облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына хабарласса болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу