"Менің атым Қожа" кітабы түрік тіліне аударылды

1516

"Менің атым Қожа" кітабы түрік тіліне аударылды

Түркияда "Қазақстан күндері" басталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Оның аясында Анкара, Малатия, Шанлыурфа мен Кахраманмараш қалаларында Түркияның белді саясаткерлері және зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастырылып, мерекелік концерттер болады. Ал Анкарада қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақпаевтың түрік тіліне аударылған "Менің атым Қожа" кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Кітап таныстырылымынан кейін Неджип Фазыл атындағы драма театрда Бердібек Соқпақбаев повесінің желісімен түсірілген "Менің атым Қожа" фильмінің көрсетілімі болды. Қазақстанның Түркиядағы елшілігі киноны түрік тіліне дубляж жасатып, болашақта Түркияның бас арналарына көрсетуді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу