"Мерейлі отбасы" байқауына өтінім қабылдау басталды

808

"Мерейлі отбасы" байқауына өтінім қабылдау басталды

Елордада байқауды ұйымдастыру комитеті "Мерейлі отбасы-2017" ұлттық байқауына өтінім қабылдаудың басталғанын жариялады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Байқау 3 кезеңде өтеді: бірінші кезең – аудандық (қалалық); екінші кезең – облыстық; үшінші кезең – республикалық.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысанда аудандық (қалалық) әкімдіктерге 2017 жылғы сәуірдің 1-нен 30-на дейін беріледі.

Айта кетейік, "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауы елбасының 2013 жылдың 6 желтоқсанындағы №250 Өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын өткізіледі.

Байқауға қатысушылар толық ақпаратты www.kaztube.kz сайтынан ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу