"Мұз сарайы" сатылмай тұр

865

"Мұз сарайы" сатылмай тұр

960 миллион теңгеге бағаланған Шымкенттегі "Мұз сарайы" өтпей қалды. Электронды конкурсқа сатып алушылар тарапынан өтініш түспеген, деп хабарлайды astanatv.kz.

"Жекешелендіру заңына сәйкес біз 3 рет конкурсқа енгізу керекпіз. Ол үш рет конкурста бағасы төмендейді. 2 рет аукционға шығарамыз. Егер бұл жерде ешқандай сатып алатын кәсіпкерлер болмаған жағдайда, ол мемлекеттің меншігінде қалып, ары қарай жұмыс жасай береді", - дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова.

Бұған дейін ел үкіметінің қаулысына сәйкес әкімдік "Мұз сарайындағы" мемлекетке тиесілі 67 пайыз үлесін сататынын хабарлаған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу