"Норманд төрттігінің" кездесуі өтеді

551

"Норманд төрттігінің" кездесуі өтеді

Украина президенті Петр Порошенко Франция және Германия басшыларымен бірге "норманд төрттігі" кездесуін ұйымдастыруға келіскен болатын. Жүздесу Парижде өтуі мүмкін. Бұл туралы Порошенко 10 мамырда Германияда Ангела Меркель және Эммануэль Макронмен кездесуден соң мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Норман форматындағы" жиналысты жақын уақытта өткізу үшін қажетті нақты қадамдарды келістірдік", - деді Порошенко.

Оның сөзіне қарағанда, тараптар аннексияланған Қырымда сайлау өткізгені үшін Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізу мүмкіндігін, тұтқындарды босату және бітімгерлік күштерін кіргізу мәселелерін талқылады.

9-10 мамарда Украина президенті жұмыс бабымен Германияда болды.

Мамырдың соңында Франция мен Германия басшылары Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу