Шу ауданындағы "Нұр Отан" партиясы филиалының ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды BNews.kz
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген сәтте, ғимарат ішінен қою түтін шығып, өрт тез таралып жатты.
Жамбыл облысы ТЖД-нің мәліметінше өрт аумағы 36 шармы метрді құрады.
"Шу аудандық мәслихатының бірінші қабаттағы кеңсесінде өрт шықты. Жиһаз бен кеңсе техникасы отқа оранды. Қызыл жалынның жалпы аумағы 36 шаршы метрді құрап, 8 адам эвакуацияланды", - деп хабарлады департаментте.
Құтқарушылар кезекшілік пультке өрт туралы ақпарат 26 сәуірде сағат 16.50-де түскенін айтты. Өрт толығымен сағат 17.13-те ауыздықталды. Өрт сөндіруге 11 адам мен үш бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Департаментте атап өткендей, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.