"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында Ақмолада 10 үй салынады

577

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында Ақмолада 10 үй салынады

Көкшетауда биыл "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 10 шақты көп қабатты тұрғын үй салынады. Бұл баспаналар әлеуметтік топтағы тұрғындарға, яғни жетімдерге, мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы отбасыларға беріледі.

Айта кетейік, облыс орталығының өзінде баспана алуға 10 мыңға жуық адам кезекте тұрса, оның 4 мыңнан астамы осы әлеуметтік топқа жатады. Сондықтан бұл тұрғындардың жылдар бойғы арманы биыл орындалуы тиіс.

Өткен жылы өңірде 365 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілген. Мамандар: "бұл көрсеткіш биыл былтырғыдан көп болмаса кемімейді", – деп отыр.

"Осы 10 үйді салу үшін Ұлттық қордан Ақмола облысына 1,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Әрқайсысы 40 пәтерлі үйдің 8-і Көкшетауда салынса, қалғаны Аршалы және Жақсы аудандарында тұрғызылады. Бұдан бөлек, 345 млн теңге инженерлік инфрақұрылым тартуға жұмсалады", – дейді облыстық құрылыс басқармасының бөлім жетекшісі Гүлмира Тасова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу