"Нұрлы жер" бағдарламасымен 7 айда 54 мың пәтер салынған

958

 "Нұрлы жер" бағдарламасымен 7 айда 54 мың пәтер салынған

Соңғы 7 айда "Нұрлы жер" бағдарламасына 445,2 млрд теңге бөлініп, 6,2 млн шаршы метр үй салынған. Бүгін Үкімет үйінде өткен арнайы брифингте Инветициялар және даму вице-министрі осындай мәлімдеме жасады.

Роман Склярдің айтуынша, ел көлемінде 54 мың пәтер қолданысқа беріліп отыр. Оның 8 мың 829-ы бюджет есебінен бөлінген 75,8 млрд теңгеге тұрғызылған баспаналар. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2% жоғары.

Ал жалпы "Нұрлы жер" бағдарламасының биылғы жоспары 61%-ға орындалған. Құрылысы қарқынды жүріп жатқан аймақтардың алдын әдеттегідей Астана, Алматы, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облысы бастап тұр. Мұнда 3 мың 608 мың шаршы метр пәтер тұрғызылған. Баспаналар 4 бағыт бойынша берілуде. Олар: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, жергілікті әкімдіктің бағдарламасы, жалдамалы пәтер және екінші деңгейлі банктерді субсидиялау арқылы.

Роман Скляр, ҚР инветициялар және даму вице-министрі:

"Орта есеппен "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша беріліп жатқан үйлердің құны шаршы метріне 120 мың теңгеден айналады. Субсидиямен 7% шамасында болса, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен 5% болып келеді. Жыл соңына дейін 25 мың пәтер салынып бітуі тиіс. Оның 16 мың 176-сы бюджет есебінен қаржыландырылады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу