"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында Шымкентте 14,4 млрд теңгеге 17 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде жылу жүйелерін қалпына келтіру бойынша 4 жоба, 4 кәріз жүйелерінің құрылысы, 7 жаңа мектептің және 2 мектепке қосымша ғимарат құрылысы жүргізілді. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мәлімдеді, деп хабарлайды
"Мемлекет басшысының "Бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеуін орындау бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бірінші бастама бойынша "7-20-25" бағдарламасына қатысу үшін 1 млрд теңгеге 99 өтінім қабылданып, 51-і мақұлданды", - деп атап өтті Ғабидолла Әбдірахымов.
Сонымен қатар, білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне жергілікті бюджет есебінен пәтер бағасының алғашқы жарнасының 10 пайызына қайтарымды негізде көмек беру мезханизмі әзірленіп, инвестиция және даму министрлігіне келісім алуға жолданды.