"Нұрлы жол" бағдарламасына бөлінген қаржының 3,2 млрд теңгесі игерілмей қалған

722

"Нұрлы жол" бағдарламасына бөлінген қаржының 3,2 млрд теңгесі игерілмей қалған

2017 жылдың қаңтарында шыққан ақпаратқа сәйкес, "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша аймақтарда 3,2 млрд теңге игерілмей қалған. Бұл туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды 7күн.

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының бюджеттік бөлігі 100 пайыз игерілді. Жалпы, инфрақұрылымдық жобалар мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, құрылысқа, сондай-ақ, білім беру саласына бөлінген қаражат толықтай игерілді", — деді министр.

Дегенмен, министр халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен жобаларда Қазақстан тарапын қаржыландыру бойынша 0,4 млрд теңге игерілмей қалғанын жеткізді. Министрдің айтуынша, бұған бюджет қаражатын үнемдеу мен жобаларды іске асыру кезіндегі курс айырмашылықтары болған.

Оның айтуынша, жергілікті деңгейде мемлекеттік бағдарлама 98,7 пайызға игерілген.

"Аймақтарда 3,2 млрд теңге игерілмеген. Оның 0,9 млрд теңгесі үнемдеуден қалған. Трансферттер бойынша 2 млдр теңге негізінен Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында игерілмеген", — деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу