"Нұрлы жол" теміржол вокзалының ашылу салтанаты болды

1262

 "Нұрлы жол" теміржол вокзалының ашылу салтанаты болды

31 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы "Нұрлы жол" жаңа теміржол кешенін аралап, замануи инфрақұрылым нысаны мүмкіндігімен танысты, деп хабарлайды railways.kz.

Мемлекет басшысына "Астана теміржол желісін вокзал кешені құрылысын қоса алғанда дамыту" жобасының орындалуы туралы баяндалды.

"Астана теміржол станциясы еліміздің барлық өңірін қысқа жолмен байланыстырады. Соның арқасында жолаушылар мен жүк тасымалдаудың ірі көліктік-логистикалық хабы құрылды",-дейді Қ. Алпысбаев.

Вокзал кешені алты деңгейлі, жалпы аумағы 126 мың шаршы метрлік ғимарат. Вокзалға алты қабылдап-жөнелту жолдары кіреді. Жолаушыларды кіргізіп, шығару үшінші қабат деңгейінде жүргізіледі. Тәулігіне 35 мың жолаушыны өткізу мүмкіндігі бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу