"Нұрлы жолды" жүзеге асыру үшін 484 миллиард теңге бөлінді

555

"Нұрлы жолды" жүзеге асыру үшін 484 миллиард теңге бөлінді

Биыл "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бюджеттен 484 млрд теңге бөлінгені белгілі. Оның ішінде 190 млрд теңге қаражат соңғы 7 айда игерілді, деп хабарлайды 24.kz.

 Инфрақұрылымды дамыту бағытында жалпы ұзындығы 4 мың 400 шақырым болатын 22 автожолды жөндеу көзделіп отыр. Ал іске асырылған жобалар бойынша бірінші жартыжылдықта 112 млрд теңге жаратылып, жұмысқа 80 мың адам жұмылдырылды. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен брифингте еліміздің Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Роман Скляр хабарлады.

Айта кетейік, халық алдында есеп беру жиынына Ұлттық экономика, Энергетика, білім және ғылым министрлерінің орынбасарлары да қатысты.

 "Біз Дүниежүзілік және Еуропалық банктер қаржыландыратын ұзақтығы 228 шақырым болатын Құрты-Бурылбайтал учаскесінің жұмысына кірісіп кеттік. Сондай-ақ бюджет қаржысы есебінен ІІІ тоқсанның аяғына дейін Қарағанды қаласының Солтүстік-Шығыс айналма жолы учаскесі жаңартылады. 2018 жылдан бастап Дүниежүзілік банк есебінен Балқаш-Бурылбайтал бөлігін және "Құрты-Қапшағай", 2019 жылы Қарағанды-Балқаш учаскелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі", - деді ҚР инвестициялар және даму министрінің орынбасары Роман Скляр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу