"Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайындағы автотұрақ бағасы арзандайды

830

"Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайындағы автотұрақ бағасы арзандайды

Елордадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайындағы автотұрақ бағасы арзандайды, деп хабарлайды "Астана LRT" баспасөз қызметі
"Халықаралық әуежайдағы қысқа мерзімді P-1 тұрағының тарифтеріне талдау жүргізе отырып, компания басшылығы мен әуежайдағылардың тарифті өзгертіп, бағаны төмендету туралы шешім қабылдағандарын хабарлағымыз келеді", - делінген компанияның Facebook желісіндегі парақшасында.
Енді жүргізушілердің қалтасын қақпайтын баға қойылды. Мәселен, бұған дейін көлікті тәулік бойы қойғаныңыз үшін 33 мың теңге төлесеңіз, қазір бар-жоғы 2 жарым мың теңге тұрады. 24 сағаттан кейінгі әр тәуліктің тұрақ құны 60 мың теңгеден 2,5 мың теңгеге дейін арзандады. Әуежайдағы тұрақ бағасының арзандауына көлік иелерінің шағымы себеп.

Айта кетейік, алдағы уақытта "Нұрлы жол" теміржол аялдамасындағы тариф құнын қайта қарау көзделіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу