Қазақстандық "Олимп" клубы халықаралық регби-7 турнирінің жеңімпазы болды, деп хабарлайды спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі.
Талдықорғандық "Олимп" регби клубы регбиден "BENIDORM SEVENS-2018" 32-ші халықаралық турнирінде I орын алды. Отандық клуб Оңтүстік Африка, Испандық Галиция командаларын ұтты.
26-27 мамырда Испанияның Бенидорм қаласында өткен турнирге 8 команда қатысты, олардың ішінде испандық Сель Андорра, Коста Бланка, Сель Инвитада мен Андорра және Оңтүстік Африкадан келген спорттық клубтар бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу