"Оңтүстік" аймақтық инвестициялық орталығы 16 мыңнан аса жобаны қаржыландырған

2066

"Оңтүстік" аймақтық инвестициялық орталығы 16 мыңнан аса жобаны қаржыландырған

"Оңтүстік" аймақтық инвестициялық орталығы 8 жылдан бері Оңтүстік Қазақстанда жеңілдетілген несие беру арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп келеді. Компания осы уақытқа дейін 48,8 млрд теңгені құрайтын 16 240 жобаны қаржыландырған. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының баспасөз қызметі хабарлады.

Нәтижесінде облыста 16 мыңнан аса кәсіпкер өзінің бизнесін ашып, ілгерілетуге компаниядан қаржы алған. Жүзеге асырылған жобалар аясында 40 907 жаңа жұмыс орындары ашылған.

Ал, "Оңтүстік" АИО еншілес "Ырыс" микроқаржы ұйымымен бірлесе отырып, жыл басынан бері   4,9 млрд теңгені құрайтын 1 903 жобаны қаржыландырып үлгерген. Жүзеге асырылған жобалар нәтижесінде 3 994 жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Қаржыландырылған жобалардың 56,3 пайызы мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Аталған бағытта 2,75 млрд теңгені құрайтын 941 жоба қаржылай қолдау тауып отыр. Одан бөлек, көктемгі дала жұмыстарын жүргізу және егін шаруашылығы бойынша 1,7 млрд теңгеге 894 жоба, жылыжай шаруашылығы бойынша 148,2 млн теңгеге 41 жоба қаржыландырылып,  128,2 млн теңгені құрайтын 7  ауыл шаруашылық техникасы лизингке  берілген.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, "Оңтүстік" аймақтық инвестициялық орталығындағы пайыздық мөлшерлеме 7-8 пайыз яғни төмен болуымен бірге несиені рәсімдеу барысында қосымша төлемдер, комиссиялар алынбайды. Несиені өтеу кестесі әр кәсіпкер үшін жеке қарастырылған. Ауылдық жерлердегі жылжымайтын мүлік, саман үйлер де нарықтық бағамен бағаланып, кепілге алынады. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында әр аудан орталықтарында еншілес ұйымның өкілдері жұмыс істейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу