"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын дамыту мәселелері талқыланды

698

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін Шымкент қаласында "Kazakh Invest" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешевтің, CEO, Investment Consulting Associates, World Free Zones Organization секілді ұйымдардың шетелдік спикерлерінің, Әзербайжан Республикасының, Өзбекстан Республикасының, Қырғызстан мен Тәжікстан Республикаларынан келген делегациялардың қатысуымен "Ерекше экономикалық аймақтардың әлемдік тәжірибесі" конференциясы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Конференция барысында шетелдік серіктестер мен қонақтар АЭА резиденттерінің ерекше шарттарымен, сәтті іске асырылған жобалармен танысып, алдағы жоспарлармен және даму тәжірибесімен бөлісті.

Kazakh Invest басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев өзінің алғы сөзінде аталған шараны өткізудің негізгі міндеттері мен мақсаттары жөнінде айтып берді.

"Бүгінгі өткізіліп жатқан шара "Оңтүстік" АЭА басқарушы компаниясының, АЭА резиденттерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ әлеуетті отандық және шетелдік инвесторлардың тікелей келіссөздер жүргізуіне арналған алаң, бұл өз кезегінде еліміздегі арнайы экономикалық аймақтардың қызметін жетілдіруді жалғастыруға мүмкіндік береді", — деді.

Еске сала кетейік, өңірлердің қарқынды дамуын жандандыру, технологиялар, инвестициялар тарту, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру мақсатында 11 арнайы экономикалық аймақ құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу