"Оралман" "Орталық Азияның үздік фильмі" атанды

768

"Оралман" "Орталық Азияның үздік фильмі" атанды

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Оралман" фильмі Бішкекте өткен "Ақ Ілбіріс" фестивалінің 2 жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Today.kz. 

Фильм "Орталық Азияның үздік фильмі" жүлдесімен марапатталса, басты рөлді сомдаған кино және театр актері Дулыға Ақмолда "Орталық Азияның үздік актері" жүлдесін жеңіп алды. 

ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген аталған фильм туған жерінен кетуге мәжбүр болған, алайда ондаған жылдар өткен соң Ауғанстаннан еліне қайта оралған қандастарымыз жайлы баяндайды. 

Мамыр айының соңында "Оралман" фильмі Австрияда өтетін халықаралық кинофестивальде көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу