Шымкенттік "Ордабасы" клубы Еуропа лигасында ойнау құқығынан айырылды. Мұндай шешім "Клубтарға сертификат беру ережесі және УЕФА турнирлеріне қатысу үшін қаржылық фэйр-плей ережесін сақтау" бойынша өткен сертификат беру комиссиясының отырысында қабылданды, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.
Ал "Астан" (Астана қаласы), "Қайрат" (Алматы қаласы), "Ертіс" футбол клубына (Павлодар қаласы) 2018/19 маусымда УЕФА ұйымдастыратын турнирлерге қатысуға сертификат берілді. Сондай-ақ, "Тобыл" клубына сертификат беру мақұлданды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу