"Ордабасының" жартылай қорғаушысы франциялық клубқа ауысты

559

"Ордабасының" жартылай қорғаушысы франциялық клубқа ауысты

Францияның екінші дивизионында ойнайтын "Гренобль" өзінің ресми сайтында Грузия құрамасының жартылай қорғаушысы Джамбул Джигауримен келісімшартқа отырғанын хабарлады, деп жазады prosports.kz.

Ойыншымен келісімшарт екі жылға жасалды. Трансфер шарттары хабарланған жоқ.

Джигаури маусым басында "Ақтөбеге" ауысқан еді, бірақ көп ұзамай "Ордабасыға" жалға берілді.

Ол "Ордабасы" сапында ҚПЛ-да 13 матч өткізіп, 3 гол соққан. Сондай-ақ, Қазақстан кубогында бір мәрте қанжығасын майлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу