"Өскемен-тәртіп" мекемесінің баспасөз хатшысы Әсел Ахметжанова кәріз құдықтарының ұрланған қақпағын түгелдеудемен болатынын айтады, деп хабарлайды altaynews.kz.
"Жаз басталғалы осындай ұрлық көбейді. Шамамен 25 қақпақ жоғалды. Біз заң өкілдеріне арыз жаздық. Белсенді түрде іздеп жатырмыз ұрлағандарды. Абырой болғанда ашық қалған кәрізге қатысты ешқандай апаттық оқиға болған жоқ", – дейді "Өскемен-тәртіп" мекемесінің баспасөз хатшысы Әсел Ахметжанова.
Оның айтуынша, жоғалған қақпақтар қазір түгелдей ауыстырылды.
"Қала тұрғындарынан өтінеріміз сол, ұрлықтың куәсі болып жатса, дереу арада 102 нөміріне хабарласса екен. Осындай жағдайды суретке немесе видеоға түсіріп үлгерсе тіпті жақсы болар еді", – дейді Әсел Ахметжанова.