"Өскемен Трамвай паркі" қызметкерлерінің жалақысы берілді

773

"Өскемен Трамвай паркі" ЖШС-ның 190 қызметкері үш ай бойы, "Защита темір жол ауруханасы" ЖШС-ның 357 қызметкері екі ай бойы еңбекақы алмаған екен.

"Өскемен Трамвай паркі" қызметкерлерінің жалақысы берілді

Өскемендегі трамвай паркінің қызметкерлері облыстық көлік прокуратурасының көмегімен ұзақ уақыт бойы ала алмай жүрген еңбекақыларын алды, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Трамвай паркінің қызметкерлері ғана емес, оларға медициналық қызмет көрсететін мамандар да жалақысыз отырған.

"Қазіргі уақытта прокурордың қадағалау шараларының арқасында медициналық мекеме жұмысшыларына 21,5 млн теңге, ал трамвай паркінің жұмысшыларына 21,7 млн теңге еңбекақысы өтелді", – деп мәлімдеді ШҚО көлік прокуратурасы.

Одан бөлек, еңбекақыны төлемей келген кәсіпорындарға айыппұл да салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу