"Отар" әскери базасында жауынгерлік парад өтіп жатыр

1071

"Отар" әскери базасында жауынгерлік парад өтіп жатыр

Дәл қазір Жамбыл облысындағы "Отар" әскери базасында ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жауынгерлік парад өтіп жатыр. Атаулы шараны салтанатты түрде ашқан елбасы барша қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды 24.kz. 

"Қымбатты қазақстандықтар, сардарлар мен сарбаздар! Қадірлі ардагерлер! Баршаңызды Отан қорғаушы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Баһадүр бабалар Ұлы Даламызды ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, бізге аманат етіп қалдырды. "Ұранды елдің ұрпағы айбарлы келеді" деген дана халқымыз. Бүгінгі айбынды армиямыз үшін елдің тыныштығын сақтап, Тәуелсіздіктің қорғаны болу мәртебелі зор міндет. Жаужүрек жауынгерлердің көтеретін жүгі ауыр. Бірақ ол абыройлы борыш, қастерлі парыз. Қарулы Күштеріміз – халқымыздың сенімді тірегі, мемлекеттің берік қалқаны", - деп атап өтті елбасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу