"Жігіттер оны Батя дейді" деректі фильмі жүлдеге ілікті

769

"Жігіттер оны Батя дейді" деректі фильмі жүлдеге ілікті

"Пацаны зовут его Батя" деректі фильмі Севастополь қаласында өтетін XIV Халықаралық деректі фильмдерге арналған "Победили вместе" кинофестивалінде қазылар алқасы тағайындаған "Жаңа тұлғаның образын ашқаны үшін" жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды "Қазақфильмнің" баспасөз қызметі.

Кинотуынды запастағы полковник, Ауған соғысы ардагері, Чернобль АЭС апаты зардабын жою жұмыстарына белсене қатысқан, "Легион" әскери-патриоттық клубының негізін қалаушы әрі жетекшісі Батур Абдусаламовтың өмірі мен қызметі туралы баяндайды.  Режиссері – Айнұр Ахметжанова.

XIV Халықаралық деректі фильмдерге арналған "Победили вместе" кинофестивалінің бас жүлдесі Марта Прус есімді польшалық режиссердің "За гранью возможного" фильміне бұйырды. "Ең үздік қысқа метражды деректі фильм" жүлдесіне ресейлік Павел Фаттахутдиновтың "Письма с войны" фильмі қол жеткізсе, "Үздік деректі фильм" жүлдесін армян режиссері Армен Хачатрянның "Последнее желание" картинасы жеңіп алды.

Биыл фестивальге 30 елден 100-ден астам деректі фильмдер мен сериалдар ұсынылды. Фестиваль барысында негізгі байқаумен қатар,  шығармашылық кештер, фильмдердің көрсетілімі және басқа да іс-шаралардан құралған конкурстан тыс бағдарламалар жүргізілді.

Аталған фестиваль Екінші дүниежүзі соғысына қатысқан қалалардың құрметіне Қырымда тұратын Кеңес Одағы батырларының ұсыныстары бойынша ашылған. Фестивальдің басты мақсаты – Еуразия кеңістігінде, сонымен қатар басқа да елдердің кинокомпаниялары мен телеарналары жарыққа шығарған өзекті мәселелерге арналған деректі фильмдерді бір шаңырақ астына жинап, оларды таныстыру. Фестивальдің президенті, Ресейдің халық артисі Владимир Меньшов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу