"Парыз 2018" байқауы басталды

1036

"Парыз 2018" байқауы басталды

Әлеуметтік жауапкершілік бизнесі бойынша "Парыз 2018" байқауы басталды. Байқау барлық аймақта өтеді, оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік жауапкершілік бизнесі бойынша "Парыз 2018" байқауының басталғанын хабарлайды.

Байқауда жүлдегерлерге екі санат бойынша дәреже беріледі. Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері келесі номинациялар бойынша: "Үздік әлеуметтік жауапкершілік кәсіпорны", "Еңбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын", "Үздік ұжымдық келісімшарт", "Экологияға қосқан үлесі үшін". 

Әлеуметтік жауапкершілік бизнес шеңберінде ведомство "Парыз" байқауына белсенді түрде қатысуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу