Ресейлік "К&К" компаниясының өкілдері автокөлік дискілерін шығару бойынша өз жобаларын таныстырды. Алғашқы кезеңде жаңа өндіріс орны "Giessenhaus" ЖШС-нің базасында болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Павлодарда өндіріс алаңдарын ашуға қатысы жоспар туралы компанияның директоры Сергей Куклин облыс әкімі Болат Бақауовпен кездесуі барысында баяндады. Оның айтуынша, арнайы экономикалық аумақта "К&К" компаниясының негізгі базасы орналасқан Красноярда жоқ жеңілдіктер ұсынылған. Бұдан басқа, әлеуетті инвестор кәсіпорын сегіз жыл бойы РУСАЛ шығаратын өнімнен анағұрлым артық, Қазақстан электролиз зауытының шикізатын тұтынатынын атап өтті. - Павлодарда қоспалы алюминий шығаратын "Giessenhaus" ЖШС сияқты кәсіпорындар бар, - дейді инвестор. Бұл біз үшін өте қолайлы. Биылғы жылы өндірісті іске қосу үшін "Giessenhaus" серіктестігінің басшылығы өз аумағының жартысын ұсынды. Мұнда біз алты құю машинасын орналастыра аламыз. Алдағы екі айдың ішінде жабдықтарды жеткіземіз. Бірінші кезекте құйма дискілерді шығарсақ, бекіту саңылауларын бұрғылау, сырлау жұмыстары Ресейде орындалады. Болашақта дайын өнімді шығару өндірісін кеңейту жоспарда бар".
Өңір басшысы инвестор кез келген қолдауға үміт арта алатынын айтты. "Павлодар" аумағында қуатты алаң құрамыз", - деді Болат Бақауов. – Ол жерде кәсіпорын тиімді жұмыс атқара алады. Сондықтан арнайы экономикалық аумақта орналасқан зауыттарды шикізатпен қамтамасыз етіп, нарыққа шығару жолын іздестіруге дайынбыз. Павлодар облысы инвесторлармен жұмыс жасауға және оларды қолдауға әрдайым әзір".
Айта кетейік, "К&К" компаниясы 25 жылдан бері алюминий дискілерін шығарады. Кәсіпорын жылына екі миллион диск шығаруға қауқарлы. Дайын өнім "ВАЗ", "Рено" және басқа да автомобиль зауыттарына жеткізіледі.