"Эйр Астана" әуекомпаниясының соңынан іле шала "Қазақ эйр" де авиациялық жанармайдан тапшылық көріп отырғандарын мәлімдеді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Бұл компания қорындағы отын қазанның ортасында таусылады екен.
"Жанармайдан "Эйр Астана" ғана қиындық көріп отырған жоқ. Біздің де артық отын таусылуға шақ қалды. Ресейден жанармай жеткізіп беріңіздер деп, біренеш жерге хат жаздық. Өтінішімізді кері қайтарды", - деді "Qazaq Air" төрағасы Блэр Трехерн Поллок.
Қазір Энергетика министрлігі бұл мәселені шешуге тырысып жатқанымен, нәтиже жоқ. Отандық үш зауыт ішкі сұраныстың тек жартысын қамтамасыз етеді екен. Әуе кемелері тұтынып жүрген авиакеросиннің қалған бөлігі импорттық. Ал елімізге негізгі отын жеткізуші Ресейдің өзі тапшылық көріп отыр.
Еске салсақ, бұған дейін "Эйр Астана" да жанармайдың жетіспешілігінен әуе рейстердің барлығы тоқтап қалуы мүмкін деп дабыл қаққан болатын.