"Qazaqstan" арнасы "жаңа жыл мейрамын өткізетін аниматорлар қазақ мультипликациясының кейіпкерлерін сомдауға асық емес" деп дабыл қағуда, деп хабарлайды silteme.kz.
Арна тілшісі Әсел Басшыбек осы мәселені көтеріп арнайы хабар жасады. Оның зерттеуінше, халықтың көбіне-көп таңдауы шетелдік анимацияға түседі екен. Ал, балалар құбыжық кейіпкерлерге әуес. Бұл орайда ол мейрамды кәсіпке айналдырғандардан сұхбат алып көрген.
Айталық, Серікжан Олжаев есімді аниматор: "Қазақ костюмдеріне сұраныс жоқ. Сондықтан біз алмаймыз. Балалардың мейрамдарында негізінен "человек паук" деген бар, өте сұранысқа ие. Басқа елдің батыры. Бірақ, балалар оны өте жақсы көреді. Өйткені, батырлықты көрсетеді, қорықпайды, адамдарға көмектеседі. "Капитан Америка" деген бар. Өте сұраныста", - деп жауап берді. Ал Жаңагүл Шәмші есімді актриса: "Сұраныс бар, бірақ алып шығатын қазақи мультфильм жоқ. Келесі жылы қазақи мультик шығып жатса, балаларға өте қызықты болса, міндетті түрде сол кейіпкер шығады. Мультфильмнен "Фиксики" бар. Балалар оларды өте жақсы көреді. "Джек Воробей" деген кинодан алынған кейіпкерлер де бар. Оны да жылы қабылдайды", - дейді.