"Рахаттың" басшысы ауысты

2239

 "Рахат" АҚ-ның басқарма құрамы өзгерді.

"Рахаттың" басшысы ауысты

Директорлар кеңесінің шешімімен "Рахат" АҚ-ның басқарма төрағасы болып Константин Федорец тағайындалды, деп хабарлайды компаниядан.

Ол Александр Зенковтің орнын ауыстырды.

Константин Федорец, Джонг Сон, Зәуреш Төлеубаева, Рашит Замолудинов, Ёнг Шин, Надежда Белименко, Марат Нұргазиев "Рахат" АҚ-ның басқарма құрамына кірді.

Айта кетсек, "Рахат" фабрикасы 1942 жылы ашылған, бүгінде кондитерлік өнімдердің 250 түрін шығарады. Алыс-жақын шетелге: Ресей, Моңғолия, Тәжікстан, Германия, Қытай және Ауғанстан елдеріне экспорттайды.

 "Рахаттың" негізгі акционері кәрістің LOTTE Confectionery компаниясы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу