"Реал" мен "Барселона" ойыны "QAZSPORT"-тан көрсетіледі

1188

"Реал" мен "Барселона" ойыны "QAZSPORT"-тан көрсетіледі

"QAZSPORT" телеарнасы "Реал" мен "Барселона" арасындағы ойынды тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды телеарна баспасөз қызметінен.

23-желтоқсан күні Испания чемпионаты аясындағы "Реал" мен "Барселона" арасында "Сантьяго Бернабеуде" өтетін алғашқы ойынды тікелей эфирден көруге мүмкіндік бар.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда "Барселона" турнирлік кестеді бірінші орында келе жатса,  "Реал" олардан сегіз ұпай кем жинап, үшінші орынға жайғасқан. 

"QAZSPORT" телеарнасы "Реал" мен "Барселона" арасындағы ойынды Астана уақытымен сағат 17:55-те тікелей эфирде көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу