Астана тұрғындары мен қонақтары 29, 30 маусым және 1 шілде аралығында сол жағалау бойынша тегін экскурсияға қатыса алады, деп жазды astana.gov.kz.
Астана тұрғындары мен қонақтары "Red Bus" автобустарымен Астананың сол жағалауымен тегін экскурсияға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Экскурсия "AiLand" (океанариум) ойын-сауық орталығынан және "Hilton Astana" қонақ үйінен басталады.
Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады. Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққап берілмейді.
Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады: +7 777 555 75 75, 77-90-997. Instagram: @redbus.kz.