"Романдия туры" кезеңінде Astana велошабандозы топ жарды

537

"Романдия туры" кезеңінде Astana велошабандозы топ жарды

"Романдия туры" велокөпкүндігінің бірінші кезеңінде Astana клубының спортшысы Омар Фраиле топ жарды, деп хабарлайды 24.kz.

166 шақырым 600 метрге созылған жарысты Омар 4 сағат 3 минут 42 секундта аяқтады.

Екінші орын Bahrain Merida сапында өнер көрсететін италиялық велошабандоз Сонни Кольбреллиге бұйырды. Біріккен араб әмірліктері Team Emirates клубының өкілі, португалиялық Руи Кошта үшінші келді.

Astana велоклубының жейдесін киген өзге спортшылар да біршама тәуір нәтиже көрсетті. Мысалы, эстониялық Танел Кангерт отыз бесінші орында. Мәре сызығына Танелден кейін іле-шала даниялық Якоб Фульсанг өтті. Өзге "астаналықтар" қырық үшінші орыннан көтеріле алмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу