"Рухани жаңғыру" ақпараттық порталы өз жұмысын бастады

1867

 "Рухани жаңғыру" ақпараттық порталы өз жұмысын бастады

Президенттің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының "Рухани жаңғыру" бірыңғай ақпараттық порталын іске қосу бірнеше кезеңмен өтеді, ал контент бағыттардың әрқайсысының іске асырылуына қарай толығып отырады. Бұл туралы "Қазконтент" АҚ басқарма төрағасы Евгений Кочетов ОКҚ-да сайттың таныстырылымы кезінде айтты, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Евгений Кочетов хабарлағандай, "Рухани жаңғыру" ресми интернет-ресурсы бағдарламалық мақаланың әрқайсысы бойынша алты негізгі блокты қамтиды.

"Алты бөлімнің барлығы да елбасының бағдарламалық мақаласына арналған, бұл "Туған жер", "Қазіргі қазақ мәдениеті", "100 жаңа оқулық", "Тіл әліпбиінің латын графикасына көшуі" "100 жаңа есім" және "Киелі жерлер географиясы". Басты бетте бағдарламалық мақаланың сипаттамасы және Елбасының мақаладан алынған сөздері орналасқан. Сонымен қатар "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша барлық жаңалықтар көрсетіледі, сондай-ақ негізгі оқиғалар күнтізбесі бар", - деді Евгений Кочетов. 

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасын іске асырудың бірінші кезеңінің қорытындыларына негізгі көңіл бөлінген. Төрағаның айтуынша, қазіргі уақытта EL.KZ порталының редакциясы 100esim.kz сайтында 2000-ға жуық өтінімді өңдеп, орналастырған. Екінші кезеңде жұмысқа арнайы құрылған жұмыс тобы қосылады. Бұл бөлім жаңа сайтта да бар екенін айта кеткен жөн.

"Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" бөлімінде осы бағыттағы жаңалықтар және киелі жерлер картасы ұсынылады. Қазіргі уақытта онда 100 киелі жер көрсетілген.

"Туған жер" бөлімінде "Туған жер" бағытындағы оқиғалар көрсетілетін жаңалықтар ұсынылады. Сондай-ақ бөлімде бірнеше кезеңмен іске асырылатын әлеуметтік жобалар картасы бар. Қазіргі уақытта картада іске асырылу кезеңіндегі немесе материалдық немесе материалдық емес қолдауды қажет ететін әлеуметтік жобалар көрсетілген.

"Қазіргі қазақ мәдениеті" бөлімінде еліміздің мәдени жетістіктері қамтылады. Мұнда опералардан алынған бейнероликтер, танымал қазақстандық суретшілердің туындылары ұсынылады. "Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақ мәдениеті" жобасын іске асыру 2 кезеңнен тұрады.

"Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық" бағыты бойынша порталда аударылған кітаптардың толық нұсқалары ұсынылады. Жобаны іске асыру үшін "Ұлттық аударма бюросы" коммерциялық емес, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымы құрылған. 

Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшуі жөніндегі жоба да "Рухани жаңғыру" сайтында көрсетіледі. Жаңа әліпбиді талқылау аясында ұсыныстар қалдыруға мүмкіндік бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу